KazNARU

Лудомания

ㅤㅤИнженерлік–техникалық факультеті  М.Сахаров атындағы «Машинапайдалану»  кафедрасында «Логистика» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттерімен университет психологы  Бейсебаева Ләйлә Ағабайқызының қатысуымен «Лудомания»  тақырыбында іс шара өтті.

ㅤㅤІс  шараға кафедра меңгерушісі Мизамбек Токенович Жетпейсов, кафедра кураторлары қатысты. Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты, яғни  лудоманияны  студенттер өз тараптарынан зерттеп, ізденіп, оны қалай жеңуге болатыны туралы өз ойларын жеткізіп жатса,  арасындағы кейбір сұрақтарды  кураторлары мен психолог Ләйлә Ағабайқызы толықтырып  жатты.  Еліміздегі желпілдеген жастарымыздың бұл дертке шалдығуының себебі неде деген сұрақ аудиторияны үлкен пікірталасқа алып келді. Қорытындылай келе, лудомания ешкімге ешқандай жақсылық әкелмейтіндігі баса айтылды.



---------Chatbot---------
виртуальный помощник