KazNARU

Қыздар арасындағы баскетбол

ㅤㅤKazNARU–дың ХХІ студенттер  арасындағы факультетаралық спартакиадасының келесі ойыны қыздар арасындағы баскетбол болды.

ㅤㅤИнженерлік–техникалық факультет спорттың бұл түріне де өз командасымен шықты. Команда құрамында 1–3 курс студенттері болды. Тартысты да тартымды ойын нәтижесінде факультет қыздар командасы  жүлделі  ІІ орын алды.

ㅤㅤФакультет үшін намысқа тырысып, шебер ойын көрсеткен қыздарыма шексіз алғыс айтамын. Дереккөз