KazNARU

ҒЫЛЫМ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАМЫЗДЫҢ ҚУАТТЫ РЕСУРСЫ, РУХАНИ БАЙЛЫҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне арналған «ҚР АӨК саласындағы заманауи ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелер, жетістіктер мен инновациялар» атты онлайн/офлайн форматта дөңгелек үстел болып өтті.

Ғалымдардың төл мерекесі 1946 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаған және тұңғыш Президенті атанған зерделі ғалым-геолог, ұлт мақтанышы академик Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен орайлас келіп отыр.

✅ Дөңгелек үстелді ашып, жүргізген KazNARU Басқарма Төрағасы- Ректордың бірінші орынбасары, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Пірімқұл Ибрагимов қазіргі таңда ғылым – еліміздегі экономикалық дамудың қуатты ресурсы, ұлттық рухани байлықтың асыл қазынасы, жаңа технологиялар мен инновациялардың қайнар бұлағы екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылым әлемдегі ғылыми-техникалық прогрестің ең маңызды құрамдас бөлігі, ғылым арқылы қоғамды, мемлекетті дамыту – елдің ертеңгі табысының кепілі» деп әрқашан айтып келеді. Ғалымдарымыздың еңбектері нәтижелі болуы үшін Президентіміздің қолдауының арқасында Үкімет қазіргі таңда ғылымды қаржыландыру көлемін 3,5 есе өсірді. Бұл ғалымдардың алдында күрделі және жауапты мақсаттар мен міндеттер жүктейді. Сіздерге осы жауапты міндеттерді адал атқару жолында батыл идеялар мен зерттеушілік ізденістер, жаңа ғылыми жетістіктер тілеймін!», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Дөңгелек үстелде бас қосқан аграрлық саланың ардагерлері мен үздіктері, университетімізбен тығыз байланыста, интеграцияда жұмыс жүргізіп жүрген ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жетекші ғалымдар, университет профессорлары мен академиктер ғылымды дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар, инновациялық жобалар, технологиялық жаңалықтар туралы ой-тұжырымдарын ортаға салды.

✅ Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма Төрағасының ғылым бойынша орынбасары, а.ш.ғ/к. Қазыбаева Сауле Жамбылқызы «Жеміс-көкөніс дақылдарының отандық сорттары және оларды өндіріске енгізу»;

✅ Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ. к. Өмірәллиева Ләззат Бекенқызы мен осы институттың қызметкері, магистр Филатов Иван Дмитриевич «Lactococcus lactis ssp гибридті штаммының бактериоциніне негізделген салқындатылған құс етін сақтауға арналған жаңа буын биоконсерванттары lactis f-116»;«Э

✅ «Энергияны үнемдеу және автоматика» кафедрасының професоры, ҚР ҰҒА академигі Кешуов Сейтқазы Асылсейітұлы «АӨК техникалық және энергетикалық қамтамасыз етуді дамыту мәселелері»;

«Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин» кафедрасының профессоры, а.ш.д. Олейченко Сергей Николаевич «Қазақстандағы бау-бақша шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары»;

✅ «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, а.ш.ғ/к. Кертешев Талғат Сейітұлы «Климаттың өзгеруі жағдайында орман ғылымының даму перспективасы»

✅ Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Үсенбеков Есенғали Серікұлы «Ветеринария ғылымдарының жұқпалы емес патологиялар саласындағы мәселелері және Жамбыл облысында жеке меншік секторындағы сиырларды қолдан ұрықтандыру тәжірибесі»;

✅ Сүт өнімдерінің референттік зертханасының жетекшісі, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедраның қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Сүлейменова Жұлдыз Маукенқызы «Сүт сапасының Кеден одағының ТР КО 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкессіздігін талдау, проблемаларды анықтау және шешу жолдарын іздеу» тақырыбында баяндамаларын ұсынды.

✅ Ғылымның даму деңгейінің жоғары болуы – қоғамның экономикалық, мәдени, өркениетті, білімді, заманауи дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Еліміздегі ғылым мен өндірісті ұштастыру, халықаралық озық тәжірибелермен алмасу, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын кеңейту, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлауға KazNARU ғалымдары да айырықша үлестерін қосып келеді.

✅ Жиын соңында KazNARU Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының атынан ғылымдағы үздік жетістіктері үшін бір топ ғалымдар Алғыс хаттармен марапатталды.

✅ Ғылым қызметкерлерінің мерекесі құтты болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник