KazNARU

"Кітап сарқылмас рухани қазына" атты ашық сабақ

2024 жылдың сәуірдің 23-ші жұлдызында "Ветеринария" факультетінің "Академик Н.У.Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия" кафедрасының аға оқытушысы. Ерназарова Сандуғаш Тукеновна ВМ 22-02 кураторлық тобымен "Кітап сарқылмас рухани қазына" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты бүгінгі күні жастарға өмірде оқу үлкен рөл атқаратындығын, білім кітаптар арқылы берілетінін, кітаптан жаңа нәрсені үйренуге, жақсылыққа сенуге, өмірде мақсат табуға, әлем мен айналадағы адамдарды жақсырақ білуге көмек көмектесетінін көрсету және түсіндіру болды.  Үнемі кітап оқитын адам өзін сирек жалғыз сезінеді, жақсы оқиғаның көмегімен ол өзге ойлардан тез алшақтап, әлемді және оның айналасындағы адамдарды жақсы түсінеді. Бұл мысалдардың барлығы кітаптарда бар. Іс-шара барысында біз оларды еске түсіруді шештік. Студенттер Д.Исабековтың "Гаухар Тас" шығармасының үзіндісінен қойылым қойып, Абай Құнанбаевтың әндерін шырқап, өлеңдерін оқыды.

Аталған іс-шараға жиналған оқытушылар, студенттер өзекті шараны ұйымдастырған топқа және барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник