KazNARU

Кітап оқуды насихаттауға арналған «МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, «Ветеринария» факультеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының оқытушысы, куратор С.С.Усмангалиева және ВМ 504, ВС 20-126 20-13  мамандықтарының белсенді студенттерімен бірлесе отырып  «Жыл кураторы» конкурысына арналған «МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП» атты тақырыпта 23.04.2024 № 11 оқу ғимараты 209 аудиториясында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 
Мақсаты:  Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, әрбір тұлғаның  кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, рқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Білім алушылардың білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру, оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой-өрістерін дамыту және білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өткізілген ашық тәрбие сағатында мемлекеттік әнұранмен басталып, кітап жайында видео көрсетіліп, студенттермен ән айтылып, көрініспен өлең шумақтары оқылды. Сонымен бірге сергітер сәт бойынша студенттермен сұрақ жауап және мақал мәтелдер айтылды. Оқытушылар, ұйымдастырушыларға, барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жоғары деңгейде өткенін айта кетті. 

 

    

    

   

---------Chatbot---------
виртуальный помощник