KazNARU

«Махаббат, қызық мол жылдар»

Қойылымға сәуір айында қатар келген “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” және “Дүниежүзілік кітап сыйлау” күндері аталып өткенін ескере отыра ,  әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған “махаббат” тақырыбы таңдалды. Аталған қойылымды қоюдағы негізгі мақсат, кезінде қалың оқырманның тұмарындай, сүйікті шығармасы болған роман бүгінгі күннің оқырманын да бей-жай қалдырмайтындығын ескеріп, қазіргі жастардың да жанын тербеген, жалпы адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарманы студенттердің сомдауында ұсыну. Екі жастың жалындаған махаббатына куәгер болдық.

Шығарманың басты кейіпкерлері Ерболдың рөлін – Нұрасыл Абдижаппар, ал Меңтайды - Мөлдір Кауымбаева сомдады. Спектакль сюжеті, кейіпкерлердің сөзі  мен іс-әрекеттері роман желісінен барынша ауытқымай ықшамдалып көрерменге ұсынылды. Қойылымда Ерболдың оқуға келіп, қыздармен танысуынан бастап Меңтаймен бірге болуына дейін сахналанды.

https://www.instagram.com/reel/C6eJ5igNYs2/?igsh=dXIxeXd3MnVma2Ns

---------Chatbot---------
виртуальный помощник