KazNARU

МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ KazNARU-ды ТАҢДАЙДЫ

✅ Қазіргі уақытта мектеп бітіруші түлектердің алдында өмірдегі ең жауапты, ең үлкен алдағы жүрер жолын таңдау міндеті тұр. Ол – болашақтың кілтін ашатын керекті мамандықты таңдау.

✅ Әрине, бұл арада қандай мамандық иесі боларын жастар өзі шешеді. Дегенмен, дәл осындай жауапты кезеңде өмірлік тәжірибесі мол үлкендердің – ұстаздар мен ата-аналардың да ақыл-кеңестері артық болмайды.

✅ Осы орайда, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өндірісі технологиясы» факультетінің «Зоинженерия» кафедрасының профессоры Әбдірахман Омбаев туып-өскен мекені – Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәмші Қалдаяқов ауылындағы «Абай» атындағы орта мектептің биылғы мектеп бітірушілеріне аттестат тапсыру іс-шарасына қатысып, университет туралы әңгімелеп берді.

✅ «Негізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру. Біз ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге KazNARU туралы буклеттер мен қосымша материалдар таратып, факультеттердің ерекшелігін таныстырдық және оқуға шақырдық», - дейді профессор Әбдірахман Омбаев.

✅ Мектеп директоры Әбдрайым Ахмет Темірұлының айтуы бойынша, биыл «Абай» атындағы орта мектепті 40 шәкірт бітіріп отыр. Талапкерлер арасында Ақнұр Қаппар, Маржан Пернебек, Маржан Құрманбек, Бауыржан Пердебек сияқты мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылықтары бойынша жоғары білім алуға қызығушылық танытып отырғандар аз емес.

✅ Жас түлектерге айтарымыз:

Аграрлық мамандықтар таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

✅ Биыл «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру бағдарламалары бойынша шекті балл – 50 балл болып белгіленді!

✅ БІЗБЕН БІРГЕ ЕКІ ДИПЛОМДЫ САПАЛЫ БІЛІМ АЛЫП, ӨЗІҢІЗ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІ АШЫҢЫЗ!

Қабылдау комиссиясы әрбір талапкердің оқуға түсуі, білім беру бағдарламалары бойынша сұрақтарына толық жауап беріп, көмек көрсетуге дайын.

Тел.: +7 (727) 264-06-13

WhatsApp +7 747 264 08 54

e-mail: 024Kaznau_pk@mail.ru

Мекен-жайымыз: Алматы қ-сы, Абай даңғылы, 8

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник