KazNARU

Факультет түлектеріне дипломдары табысталды

✅ Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде оқу жылын табысты аяқтаған «Агробиология» факультетінің түлектеріне Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті, академик Ақылбек Күрішбаевтың атынан оқу ордасының Дипломдары мен Алғыс хаттары тапсырылды.

✅ Университеттің Акт залында жиналған көпшілікке Құттықтау сөз арнаған KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары, в.ғ.д. Пірімқұл Ибрагимов 95 жылдық тарихы бар қара шаңырақтың әлемдік QS рейтингінде 641-650 орын, осы рейтингте «Ауыл шаруашылығы және орман ресурстары» бағыты бойынша 351-400 орын, Орталық Азия университеттері арасында 6-орын, Қазақстанда 5-орында тұрған жетекші зерттеу университеті екенін атап өтті.

«KazNARU ғылыми зерттеулер жүргізу және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауда әлемнің 170-тен астам жетекші университеттерімен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатқан. Негізгі серіктестеріміз – Небраска-Линкольн университеті (АҚШ), Вагенинген университеті (Нидерланды), АгроПарижТех (Франция), Қытай ауылшаруашылық университеті, Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру университеті», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Сонымен қатар, оқу орнын шынайы түрде «цифрлық университетке» айналдыру жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, Қытай аграрлық университетімен бірлесе су ресурстарын ақылды басқару үшін «Цифрлық зертхана», Ланьчжоу университетімен «Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығы, су бағыты бойынша АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетімен EXTENSION service орталығын құру жөніндегі жұмыстар қолға алынды. Аталған жобалар білім алушыларымыздың ең озық әлемдік тәжірибені игеруіне мүмкіндік береді.

✅ «Біздің студенттеріміз Малайзия Паханг университеті, Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті, америкалық Әмірліктер университеті, Вайнштефан-Триздорф Университеті сияқты дүние жүзіне танымал, жетекші жоғары оқу орындарында екі дипломдық бағдарлама бойынша білім алуда. Биыл да сондай студенттеріміздің бірқатары екі дипломға ие болды. Сіздер еліміздің әр өңірінен келіп, білім алып, диплом иегері, білікті маман атандыңыздар. Ел болашағына адал қызмет етіңіздер! Университет басшылығы атынан сіздерге ақ жол тілеймін!», - деген Пірімқұл Ибрагимов бітіруші түлектерге көптен күткен дипломдарын тапсырды.

✅ 2023-2024 оқу жылында бакалавриатта 42, магистраруда 36, докторантурада 13 білім беру бағдарламасы бойынша бпарлығы 1787 маман даярланып, диплом алады. Оның ішінде 1518 бакалавр, 208 магистрант және 61 докторант. 159 студент оқуды үздік дипломмен аяқтады.

✅ Ал, бірінші болып сахнаға көтерілген «Агробиология факультетінде» бакалавриат бойынша 7 білім беру бағдарламасында 87 түлек, оның ішінде 19-ы үздік диплом алып шықты.

✅ Бүгінгі таңда біздің түлектеріміз еліміздің экономикасы мен аграрлық секторында абыройлы еңбек етіп жүр, білім мен ғылымның дамуына үлкен үлес қосуда.

✅ Салтанатты іс-шараға университет басшылығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, белгілі академик-ғалымдар, бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты.

Студент жастарымыздың жан-жақты білім алуына, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануына барлық әлеуметтік жағдайларды жасағандары үшін университет басшылығына ата-аналар мен түлектер өз тілектерін арнап, алғыстарын білдірді.

✅ Дәстүр бойынша салтанатты іс-шара барысында түлектерімізге арналған мерекелік құттықтаулар мен ән-жырдан шашу шашылды.

✅ Диплом алған барлық түлектерді қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа өмір жолында кәсіби табыстар тілейміз!

KazNARU Баспасөз қызметі.