KazNARU

Табысты жұмысқа орналасу

2024 жылдың 1 қарашасында Инженерлік технологиялар факультеті «Технология және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» және «Агротехнология және машина жасау» кафедраларының   3 және 4 курс студенттерімен «Шин-Лайн» компаниясының өкілдері арасында тренинг кездесу өтті. Қонақтар: Лавриненко Антон-Бизнес – бизнес-тренер.

Сарандаева Елена – кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу бойынша маман.

Какенова Орынбала – кадрларды іріктеу, жұмысқа қабылдау және бейімдеу жөніндегі маман.

20 жылдан астам уақыт бұрын шағын отбасылық балмұздақ зауыты ретінде басталған.

бүгінгі күні «Шин-Лайн»  - Орталық Азиядағы балмұздақ, сүт пен май, вафли, мұздатылған жартылай фабрикаттар және тез дайындалатын кеспе шығару бойынша №1 өндіруші болып табылады.

Тренингтің мақсаты қатысушыларда табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті іскерлік қарым-қатынас дағдыларын дамыту арқылы әлеуметтік сенімді арттыру болды.

«Шин-Лайн» ЖШС қызметкерлеріне қызықты және пайдалы кездесу үшін алғыс айтамыз, алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастыққа сенімдіміз!

---------Chatbot---------
виртуальный помощник