KazNARU

«Ветеринария және Зооинженерия» факультетінде қонақтық дәріс оқылды

2024 жылдың 18 қарашасында «Ветеринария және Зооинженерия» факультетінде 4-курс студенттеріне «Эпизоотология және эпизоотияға қарсы шаралар» пәні бойынша қонақтық дәріс өткізілді. Дәрісті Ветеринария бойынша лттық референттік орталығы, Алматы филиалының бас маманы, PhD Мусаева Гүлжан Қаленқызы оқыды.

Дәріс барысында жануарлардың ауру немесе өлім себептерін анықтау және растау, әсіресе инфекция, инвазия немесе улануға күдік болған жағдайларда, сондай-ақ зертханалық зерттеулерге арналған материалдарды алу, тасымалдау және олармен жұмыс істеу ережелері қарастырылды.

Гүлжан Қаленқызы жануарлар ауруларымен күресу нұсқаулықтарын сақтау мен үлгілерді алу және тасымалдау ережелерінің маңыздылығын атап өтті. Дәріс студенттердің қызығушылығын оятып, олардың эпизоотология саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге ықпал етті.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник