«Ветеринария және мал шаруашылығының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халықаралық конференция
«Самарканд мемлекеттік ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің Нукус филиалы» шақыру құжаты негізінде «Н.О. Базанова атындағы Жануарлар биологиясы» кафедрасының аға оқытушысы, б.ғ.к. Жылкышыбаева М.М. аталған университетте «Жануарлар анатомиясы» модулі бойынша 2024 жылдың 13-17 қараша аралығында біліктітілкті арттыру мақасатынада оффлайн сабақ жүргізді және
15 қарашада өткен «Ветеринария мен мал шаруашылығының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» атты халық - аралық конференцияға қатысып келді. Осы өткен конференцияда «Сальмонеллезге қарсы вакциналардың әртүрлі штаммдарымен иммунизацияланған бұзау қан сарысуындағы альфа-глобулиндердің көрсеткіштері» атты баяндама жасады. Кафедрада жасалып жатқан ғылыми жұмыстар бағытында 4 статья жарыққа шықты.