«Менің мамандығым-мақтанышым»
18 қараша күні Агробиология факультеті Агрономия, селекция және биотехнология кафедрасының АГ-21-01Қ және АГ-21-02Қ топтарының 4 курс студенттері «Менің мамандығым-мақтанышым» атты іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында Агрономия, селекция және биотехнология каферасы профессоры Атақұлов Тастанбек Атақұлұлы сөз сөйлеп, қазіргі уақытқа дейін жүріп өткен еңбек жолымен және де қазіргі таңда мамандыққа қатысты өзекті болып жатқан мәселелерді айтып, келешекте ғылым жолына бет бұрмақшы болып жатқан студенттермен өз ақыл кеңесін бөлісе білді.
Биология ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор Баядилова Гулсун Оңғаровнаға да білім ордасын аяқтаған соң қалай еңбек жолын бастағанымен бөлісе отыра қазіргі уақытқа дейін қаншама мықты студенттер университетімізді аяқтағанына тоқтала кетіп іс-шараға қатысып жатқан студенттер де келешекте өз саласын жетік білген мықты маман болып шығатындығына тілекші екендігін жеткізді.
Агрономия (гр. "агрос" – егістік; "номос" – заң) – ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіру саласындағы жан-жақты білімі бар егін шаруашылығы саласындағы маман. Қазіргі кезде агроном жан-жақты білімге ие, кәсіби дағдыларды жақсы меңгерген маман болуы тиіс. Сонымен қатар, агроном – шаруашылықтың негізгі саласы – егіншіліктің технологиясын және онда қолданылатын техникасын жақсы білетін, сол жердің табиғи-экономикалық жағдайына жетік адам болуы керек. Осы орайда дәл осы мамандық бойынша білім алып жатқан бітіруші түлектер «Менің мамандығым-мақтанышым» атты іс-шараны жоғары деңгейде өткізді және өз мамандықтары жайлы алған білімдерін ортаға салып, өздері білім алып жатқан болашақ мамандықтарын мақтан ететіндіктерін айтып өтті.