Ветеринария және зооинженерия факультетінде қонақ дәріс
2024 жылдың 25 қарашасында «Ветеринария және зооинженерия» факультетінде 4-курс студенттеріне «Эпизоотология және эпизоотияға қарсы шаралар» пәні бойынша қонақ дәріс өткізілді. Дәрісті PhD докторы, Алматы филиалының Ұлттық ветеринариялық референттік орталығының (ҰВРО) бас маманы Мусаева Гүлжан Қаленқызы оқыды.
Дәріс барысында жануарларды аса қауіпті инфекциялар кезінде карантинге қою және жою, сондай-ақ ветеринариялық қызметтер ұйымдастыратын профилактикалық шаралар мәселелері қарастырылды.
Гүлжан Қаленқызы аса қауіпті ауыл шаруашылығы жануарларының инфекциялары кезінде ветеринариялық шараларды бекітілген тәртіпке сай сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл жануарлар мен адамдар ауруларымен күресте маңызды рөл атқарады. Дәріс студенттердің қызығушылығын тудырып, эпизоотология саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуге ықпал етті.