ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІ «БЕТ ЭПЮРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ДӘРІС САБАҒЫНА ҚАТЫСТЫ
2024 жылы 25 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Инженерлік технологиялар» факультеті «Аграрлық техника және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы Ибишев Ө.Ш. «Инженерлік және компьютерлік графика» пәнінен «Бет эпюрі» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді.
650 аудиторияда сағат 1210-1300 аралығында өткен іс-шараның мақсаты - студенттерді әр түрлі салаларда қолданылатын беттермен таныстыру және олардың эпюрлерін салу бойынша білім қалыптастыру.
Дәрісте түрлі беттердің пайда болуының кинематикалық тәсілі мен олардың эпюрде кескінделуі қарастырылды. Бет эпюрлерін тұрғызуда динамикалық анимация қолданылды.
Ашық дәріс соңында «Беттердің ғылым мен техникада сондай-ақ дизайн, сәулет өнерінде басқа геометриялық пішіндерге қарағанда маңыздылығы орасан зор және оларға теңдесі жоқ» - деген тұжырым жасалды.