«Тәуелсіз елім – тірегім менің» атты іс шара өтті
KazNARUдың Инженерлік технологиялар факультетінде «Тәуелсіз елім – тірегім менің» атты іс шара өтті.
Іс шараға Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, №29 қалалық емхана психологы Маржан Елгезекқызы, Аухатова Айнакул Дәрібаевна - Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, жеке кәсіпкер, Матеев Амирбек Маткаримович - Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, ҰОС ардагерлерінің қалалық емханасында бөлім меңгерушісі қатысты.
Сонымен қатар тәрбие жұмыстары жөніндегі департаменті қызметкерлері, яғни әлеуметтік құқықтық жұмыс жөніндегі жетекші маман Иманбеков Мақсат Мухатаевич, жастар ісі жөніндегі комитет маманы Есбердинова Назерке Серікқызы қатысты.