Қонақ дәрісі
Бүгін (12.12.2024 ж.) "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында "Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты" ЖШС, Астық өнімдері және құрама жем технологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Бектұрсынова Майя Жұмаділқызының қонақ дәрісі өтті.
Табысты адамдар әрқашан басқаларға шабыт беру және көмектесу мүмкіндігін іздейді. Өз білім және тәжірибемізбен бөлісе отырып, біз мүмкіндіктерді көбейтіп қана қоймай, жетілдіріп, әрі қарай дамимыз.
Қазақстанда жануарларға арналған арнайы өнімдер, атап айтқанда қызметтік иттерге арналған азық өндірісі жақсы дамымағандықтан нарықтың негізгі бөлігі импорттық өнімге тиесілі.
Осыған байланысты жануарларға арналған толық құрғақ жемді өндіру үшін шикізат ресурстарын тиімді пайдаланудың ұтымды технологиясын іздеу және құру өте өзекті болып табылады.
Жануарларға арналған өнімдерді өндіру-бұл тағам өңдеу өнеркәсібі қызметінің нәтижелі жобаларының жемісі. Ет комбинаттарының, құс фабрикаларының қалдықтарын пайдалану оларды қосымша табыс көздеріне айналдыруға, сондай-ақ осы кәсіпорындардағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік бередігін атам айтуымыз қажет.