05 ақпанда 8D081-Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті
2025 жылғы 05 ақпанда сағат 11:00- да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D081-Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Дәулет Нұржанның «Молекулалық маркерлерді қолдана отырып, алманың перспективалы сорттарын Erwinia amylovora (бактериялық күйік қоздырғышы) ауруына төзімдігін скринингтен өткізу» тақырыбындағы 8D08104 – «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D081-Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің №1 хаттамасы негізінде Дәулет Нұржанға философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.