KazNARU

МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ – ӘР ТҮЛЕКТІҢ АРМАНЫ

✅ Жоғары оқу орнын бітірген әрбір жас маманның өз кәсібі бойынша жұмысқа орналасып, өмірдегі өз орнын табуға деген құлшынысы белгілі. Қазақ ұлттық агралық зерттеу университетінің бітіруші түлектері де осы мәселені үнемі ойда ұстайтыны заңдылық.

✅ Қазіргі таңда түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман ретінде жұмысқа орналасуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Жастардың алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін еңбек мобильділігі орталықтары (мансап орталықтары) тұрақты жұмыс істейді.

✅ Сонымен қатар, KazNARU басшылығы тарапынан ауыл шаруашылығы мамандығын бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шаралар ұйымдастырылады.

Соның бірі – кәсіпорындар мен өндірістік мекемелердің, жекелеген компания мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерінің жоғары курс студенттермен кездесуі арқылы жұмыспен қамтау мәселесін түсіндіру шараларын өткізу.

✅ Осы дәстүр аясында KazNARU «Инженерлік технологиялар» факультетінің бітіруші курстары үшін халықаралық көлемде танымал «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдері қонақ дәріс ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттерге компанияның нарықтағы қызметі туралы қызықты ақпараттар беріліп, бейнеролик көрсетілді және мамандық бойынша жұмысқа орналасу мәселелері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.

✅ Техника жөніндегі маман Андрей Геллерттің айтуы бойынша, «Eurasia Group Kazakhstan» 2002 жылы құрылған және бүгінде 600-ден астам адам қызмет істейді екен.

«Компаниямыз негізінен шетелдерден ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізеді, оларды көтерме сатумен айналысады және техникаларды жөндеу мен сервистік, агроменеджент қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасы операторларын, фермерлерді, қызметкерлерді, студенттерді оқыту, ауыл шаруашылығында цифрлық шешімдерді ұсыну, көкөніс өсіру, өсімдіктерді қорғау, тұқымдар өсіру, суаруменмен айналысады. Біздерге дәл өздеріңіздей бәсекелестікке лайықты, білікті ауыл шаруашылығының мамандары өте қажет. Сіздерді тәжірибеден өткуге шақыра отырып, ары қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екенін ескертемін», - деді Андрей Владимирович.

✅ Бұдан кейін «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының инженер механигі, Ерасыл Алпысбаев өзінің KazNARU түлегі екенін, «Аграрлық техника және технология» білім беру бағдарламасы бойынша бітргенін мақтан тұтатынын айтып өтті.

«Біздің компания 2023 жылы Американдық Сауда-Өнеркәсіп палатасының ең инновациялық оқу бағдарламасы үшін марапатына ие болды. Джон Дир (АҚШ), JCB (Ұлыбритания), Вадерстад (Швеция), Lindsay Irrigation (АҚШ) - Zimmatic, FieldNET брендтері, GRIMME (Германия), IRTEC S.P.A. (Италия) сияқты халықаралық компаниялардың Қазақстандағы техника жөніндегі ресми дилері болып табылады. Егер де, бізге келіп, өз мамандықтарыңыз бойынша бақтарыңызды сынаймыз десеңіздер, есігіміз ашық», - деді ол

✅ «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының тәжірибелі мамандары студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берудегі нақты ұсыныстарын ортаға салды.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник