KazNARU

ЖАТАҚХАНА – ӨЗ ҮЙІМ

✅ Алматы – жастар қаласы. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде оқитындардың басым бөлігі ауылдан келгендер. Олардың білім мен ғылымды игеруіне толық жағдай жасалынған. Күрделі жөндеулерден өткен жайлы жатақханаларда тұрады. Онда тұрмысқа қажетті заттар, жиһаздар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналары мен газ плиткалары қойылған. Қазіргі уақытта 450 орындық 9 қабатты жаңа жатақхананың құрылысы жүріп жатыр.

✅ Осылайша KazNARU Алматы қаласындағы өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет атанып отыр. Тәуелсіз «AQYL ALEM» компаниясының жүргізген әлеуметтік зерттеуі бойынша, Қазақстанның тек 3 жоғары оқу орны – Nazarbayev University, КИМЭП Университеті және KazNARU ғана білім беру сапасы мен жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде ең озық деп танылды. Бұл студенттер тарапынан берілген оң баға ғана емес, үлкен сенім.

✅ KazNARU Басқарма төрағасы – Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаевтың айтуы бойынша, оқу ордасының түпкі мақсаты – әлемдік талаптарға сай заманауи, әділетті университет құру.

«Осы орайда студенттерден екі-ақ нәрсе талап етіледі. Біріншісі – сабақты жақсы оқып, терең білім меңгеру; екіншісі – университеттің ішкі тәртібін қатаң сақтау. Тәртіп болған жерде тәрбие бар, ал тәрбиелі жас әрқашан білім алуға құлшынады. Бұл – әділетті университеттің білім алушыға қатысты бұлжымас қағидаты», - деген еді Ақылбек Қажығұлұлы бірінші курстықтармен кездесуде.

✅ Айта кету керек, оқу ордасында білім берумен қатар, тәрбие беру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді. Жастар бос уақыттарында спортпен айналысып, мәдени іс-шараларға, қызықты кездесулерге қатыса алады.

Сондай іс-шараның бірі «Инженерлік технологиялар» факультетінің деканы Ләззат Әлдібаеваның ұйымдастырумен “Болашақ” студенттік жатақханасында өтті. "Бос уақытты тиімді өткізу" тақырыбында ұйымдастырылған тренингке жатақханадағы барлық курс студенттері қатысты.

✅ Тренингті тәжірибелі психолог, Алматы қаласы «Салауатты өмір» бағдарламасының тренері Ілиясова Гүлмира Баймұратқызы жүрізді. Ол бос уақытты жоспарлау бойынша практикалық әдістерімен бөлісті. Студенттер уақытты дұрыс бөлу, тұлғалық жағынан өсу, хоббимен шұғылдану және өмір сапасын жақсартуға көмектесетін басқа да пайдалы кеңестер алып, практикалық тапсырмаларға белсене қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник