KazNARU

Алма-Арасан аймағындағы Өткелі шатқалына

2025 жылғы 15 ақпанда Ветеринария және зооинженерия факультетінің Вет-24-18А тобы кураторы Өтебаев Ж.М. жетекшілігімен Алма-Арасан аймағындағы Өткелі шатқалына саяхатқа шықты.

Күн ашық, ауа таза, ал таулар ерекше әсем болды! Студенттер жылы киініп, өздерімен бірге су, жеңіл тамақ алып, таңғажайып табиғаттың сұлулығын тамашалау үшін жолға шықты. Қарлы шыңдар, мәңгі жасыл шыршалар және тау соқпақтары көздің жауын алды.

Жол бойында студенттер жер асты ыстық бұлақтарын байқап, буланған судың ғажайып көрінісіне куә болды. Бұл табиғи құбылысты алғаш көргендер ерекше әсерге бөленді.

Бірнеше шақырымдық жол жүріп өткен соң, топ кішігірім демалыс орны ұйымдастырып, табиғат аясында хош иісті шай мен кофе әзірледі. Тау самалында ішілген ыстық сусын ерекше дәмді сезілді, ал студенттер өзара әсерлерімен бөлісті.

"Бұл сапар бізге жаңа қуат беріп, табиғаттың сұлулығынан шабыт алуға мүмкіндік берді. Міндетті түрде тағы да барамыз!" – деп өз ойларымен бөлісті қатысушылар.

Бұл саяхат студенттер үшін демалыс қана емес, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуге себеп болды.

 
---------Chatbot---------
виртуальный помощник