«Алматының жасыл болашағы: Қаланың экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты диспут
20 ақпан, 2025 жылы «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің факультетінде «Алматының жасыл болашағы: Қаланың экологиялық мәселелері мен оларды шешу жолдары»» тақырыбында Х.Д.Чурин атындағы «Агробизнесті басқару және ұйымдастыру» кафедрасының және «Есеп, аудит және қаржы» кафедрасының студенттерінің қатысуымен пікірсайыс өтті. Пікірталаста Алматының негізгі экологиялық проблемалары: ауаның ластануы, ағаш кесу, су тапшылығы, қоқыс пен қалдықтарды қайта өңдеу, көлік мәселелері айтылды.
Мәселе мемлекеттің, кәсіпкерлердің, азаматтардың позициясынан қаралды. Аудиториямен ашық пікірталас өтті. Көрермендер мен қатысушылардың өздері бір-біріне сұрақтар қойып, өз ұстанымдары мен дәлелдерін ортаға салды.
Нәтижесінде қала билігінің, кәсіпорындардың және қала тұрғындарының Алматының «жасыл болашағына» қосар үлесі туралы нақты шешімдер талқыланды.