Буллинг және кибербуллинг: алдын алу шаралары
«Буллинг және кибербуллинг: алдын алу шаралары» тренингі – білім қорғанысы!
Осы аптада Ветеринария мамандығының 1-курс студенттері (Вет-24-10 және Вет-24-12 топтары) «Буллинг және кибербуллинг: алдын алу шаралары» атты қызықты әрі маңызды тренингке қатысты. Бұл жай ғана дәріс емес, бұл – шынайы өмірге негізделген интерактивті кездесу болды!
Тренингті жоғары деңгейде өткізген мамандар:
ҚазНАИУ Психологиялық қолдау қызметінің психологы Нуржанкызы Сая
ҚазҰПУ-дың «Progress» тәжірибелі психологтар тобының мүшелері – Мынбай Алишер және Амиркул Асель
Бұл тренинг несімен ерекше болды?
Студенттер өздері әртүрлі буллинг жағдайларына байланысты көріністер қойды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарын көруге және оны шешу жолдарын табуға мүмкіндік берді.
Тренинг барысында қызу пікірталастар мен ой бөлісулер болды, бұл студенттерге буллинг туралы жаңа қырынан ойлануға көмектесті.
Вет-24-17 тобы буллинг мәселесін көрсету үшін арнайы бейнеролик дайындады және өңдеді. Бұл шығармашылық тәсіл студенттерге проблеманың маңыздылығын жақсырақ түсінуге көмектесті.
Психологтармен бірге буллингке қарсы күресудің тиімді жолдары қарастырылып, агрессияға жауап беру және бір-біріне қолдау көрсету әдістері үйретілді.
Басты қорытынды: Буллинг – бұл жай ғана «әзіл» емес! Бұл – қоғамның әрбір мүшесі күресу керек маңызды мәселе. Енді біздің студенттер бұл қиындықпен қалай күресуге болатынын біледі.
Осындай пайдалы шараны ұйымдастырған мамандар мен белсенді студенттерге үлкен алғысымызды білдіреміз!
Ұйымдастырушы: Н.У.Базанова атындағы Жануарлар биологиясы кафедрасының ПОҚ.