"6В08702-Ауыл шаруашылғын энергиямен қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы студенттерінің көшпелі оқу экскурсиясы
2025 жылғы 21 ақпанда "Энергетика және электр техникасы" кафедрасының 1 курс ЭО-24-09к және ЭО-24-10Р топтарының кураторы А.Т. Құлмахамбетова Алматы электромеханикалық зауытына көшпелі оқу экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер трансформаторлардың жұмыс істеу және әзірлеу принциптерімен, сондай-ақ басқару қалқандары мен тарату қалқандарын құрастыру процестерімен танысты.
"Энергетика және электр техникасы" кафедрасы зауыт директоры Фархад Ергешов пен техникалық директор Багланбаев Калмахамбекке экскурсияны ұйымдастыруға қол ұшын бергені үшін, сондай-ақ зауыттың қызметі және жалпы электр энергетикасы мамандығы туралы өткізілген дәрісі үшін ерекше алғысын білдіреді.
Алматы электромеханикалық зауыты Alageum Electric холдингінің бір бөлігі болып табылады-Қазақстанның ірі электротехникалық компанияларының бірі. Холдингке электр энергетикасы, электр машина жасау және құрылыс саласында жұмыс істейтін 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттар кіреді. Олардың ішінде:
- "Кентау трансформатор зауыты" АҚ (Кентау қ.);
- "Asia Trafo" ЖШС;
- "Орал трансформатор зауыты" ЖШС;
- "Петропавл электротехникалық зауыты" ЖШС;
- "Электромонтаж" АҚ-кез келген күрделіліктегі электромонтаж жұмыстарын орындайтын мамандандырылған компания.
"Энергетика және электр техникасы" кафедрасы мұндай іс-шаралар болашақ инженерлердің кәсіби қалыптасуына ықпал ететініне сенім білдіреді және саланың жетекші кәсіпорындарымен одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді.