20.02.2025 ж. Әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Есеп аудит және Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
20.02.2025 ж. Әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай «Есеп аудит және Қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара. Іс-шараға 1 - 2 курс студенттері белсене қатысып, ал оны 3 - 4 курс студенттері ұйымдастырды. Бұл іс-шарада қатысушылар үшін түрлі қызықты сайыстар мен викториналық сұрақтар дайындалған.
Сайыстарда студенттер өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын көрсете отырып, Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын терең түсінгендерін дәлелдеді. Сонымен қатар, әр курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп, мәдени шығармашылықтарын ортаға салды. Музыкалық қойылымдар, әдеби кештер және түрлі өнерлер арқылы студенттер Әл-Фарабидің көпқырлы тұлғасын және оның әлемдік ғылымға қосқан үлесін насихаттады.
Бұл іс-шара білімді ғана емес, өнер мен мәдениетті үйлестіре отырып, жастарды ойшылдың мұрасын тереңірек танып-білуге, сондай-ақ шығармашылық ойлауға ынталандырды.
Іс-шараның соңында әр қатысушы студент марапатталды. Студенттер өздерінің сайыстардағы жетістіктері мен өнер көрсетулеріне қарай арнайы номинациялық дипломдар және сыйлықтармен марапатталды. Бұл марапаттар олардың ізденісін, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін бағалауға бағытталған. Марапаттау рәсімі іс-шараның жоғары деңгейде өткенін және әр студенттің талпынысын бағалаудың маңызды екенін көрсетеді. Әр студент марапатталғаннан кейін, олар Әл-Фарабидің мұрасын тереңірек түсініп, келешекте ғылым мен мәдениетке өз үлестерін қосуға шабыт алды.