Дұрыс тамақтану: ҚазҰАЗУ және ҚазҰМУ Университеттер арасындағы білім алмасу.
24.02.2025 жылы «Инженерлік технологиялар» факультеті, «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының 2-3 курс студенттерімен бірге Асфендияров ат.ҚазҰМУ, академик Т.Шарманов атындағы Нутрициология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қожахметова Айгүл Нағашбековна бастап келген бір топ студенттері Денсаулықты сақтау және дұрыс тамақтану тақырыбында қызықты және пайдалы дәріс өткізіліп тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты нығайтты.
Дәріс барысында дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, оның денсаулыққа әсері және жұмысқа қабілеттілікті арттырудағы рөлі туралы кеңінен айтылды. Лекторлар дұрыс тамақтану негіздері, пайдалы және зиянды тағамдар, сондай-ақ дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулардың алдын алу жолдары туралы кеңес берді.
Дәрістің негізгі бөлімдерінде:
• Қалыпты тамақтану: лекторлар ақуыздар, майлар және көмірсулар арасындағы теңгерімді сақтау және тамақ өнімдерін дұрыс үйлестірудің маңыздылығын түсіндірді.
• Тамақтану және денсаулық: дұрыс тамақтанбаудан туындайтын аурулар мен оларды алдын алу әдістері талқыланды.
• Диеталар туралы мифтер: дұрыс тамақтану және диеталар туралы жиі кездесетін жалған пікірлер талқыланды, бұл өз кезегінде студенттер арасында қызықты сұхбаттар мен пікірталастар тудырды.
• Тәжірибелік кеңестер: дәріс соңында лекторлар студенттерге тиімді тамақтанудың қарапайым және практикалық әдістерін ұсынды. Олар білім алу және жұмыс істеу кезінде рационды қалай дұрыс құру керектігі туралы кеңестер берді.
Дәріс қызықты атмосферада өтті, студенттер белсене қатысып, сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұл тақырыптың жастар үшін маңызды екендігі көрініп тұр, және әрбір қатысушы өзінің күнделікті тамақтануын жақсарту үшін көптеген пайдалы ақпарат алды.
Дәріске факультетімізден: факультет деканы- Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы, кафедра меңгерушісі – Мамаева Лаура Асильбековна, қауым. профессорлар – Қозықан Сабира, Искакова Жанат Абдуллаевна және 2-3 курс студенттері қатысты
ҚазҰМУ студенттеріне және лекторларына дәріс үшін алғысымызды білдіреміз. Олардың кәсібилігі мен білім бөлісуге деген ынтасы жоғары бағаланды. Алдағы уақытта да осындай қызықты іс-шаралар мен ынтымақтастықты күтеміз!