KazNARU

03 наурызында 8D086 Су ресурстары және суды пайдалану кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде қорғау өтті

2025 жылғы 03 наурызда сағат 11:00-да Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жанынан құрылған 8D086 Су ресурстары және суды пайдалану кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде Дюйсенхан Аяна Аскарбеккызының «Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде жер үсті, ыза және қашыртқы-кәріз суларын кешенді пайдалануды ғылыми тұрғыдан негіздеу (Мақтаарал өңірінің мысалында)» тақырыбындағы 8D08603 – «IT-технологияларын қолдана отырып су ресурстарын басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының қорғауы өтті.
8D086 Су ресурстары және суды пайдалану кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңестің №2 хаттамасы негізінде Дюйсенхан Аяна Аскарбеккызына философия докторы (PhD) дәрежесін беру қаулы етілді.




---------Chatbot---------
виртуальный помощник