KazNARU

ТӨРЛЕТ, ТӨРЛЕТ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Инженерлік-технологиялық факультетінде «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы бойынша 1-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен дәстүрлі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз нұры – Ұлы дала үні» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

✅ Әз-Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауында тұрған бүкілхалықтық мейрам. Тамыры тереңге кеткен, халқымыздың болмысы мен табиғатын, ырысы мен бірлігін, мәдениеті мен өнерін ұлықтайтын ұлы дәстүр.

✅ 2-курс «Стандарттау және сертификаттау» тобының кураторы Ж.А.Искакованың айтуы бойынша, докторанттардың ұйымдастырумен өткен мерекелік іс-шарада мың бұралған биші қыздардың орындауында қазақтың ұлттық билері, домбыра мен гитара үндерін ұштастырып орындаған күйлері, ұлттық салт-дәстүрімізге қатысты қызықты викториналық сұрақ-жауаптар көрермендерді тәнті етті.

✅ Сонымен қатар, қатысушылар арасында «асық ату», «арқан тарту», «бес тас» секілді ұлттық ойындар ойнатылды. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне арналған «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Сыңсу», «Құдалық» салттары мен «Наурыз көженің» тарихына арналған музыкалық қойылым қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

✅ Іс-шара соңында көрермендер ақ дастархан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көжеден дәм татып, ризашылықтарын білдірді.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник