KazNARU ҰЖЫМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ «ЖАҢАРУ КҮНІ» АТТЫ СЕНБІЛІКТЕ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректордың инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қуат Сұлтанғазиевтың айтуынша, Әз Наурыздың он күндігі аясында белгіленген «Жаңару күні» девизімен ұйымдастырылған сенбілік жоғары деңгейде өтті.
«Сенбіліктің басты мақсаты – жалпы Алматы қаласы бойынша және қасиетті оқу ордамыздың инфрақұрылымдарына ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, жастар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, тазалықты сақтау жөніндегі ізгі бастамаларды қолдау, әрі іске асыруға жағдай жасау. Сенбілікке қатысушыларға қажетті құрал-жабықтар мен техника бөлінді», - деді Қуат Елеусізұлы.
KazNARU ұжымы мен оқытушылары, студенттер сенбілікте бір кісідей ұйымшылдық танытып, оқу ғимараттары мен жатақханалардың алдын, Орталық стадион мен тәжірибелік саябақтарды,гүлзарлар мен жол жиектерін қысқы қоқыстардан тазартып, ағаштарды әктеді.
Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл басына орай, елімізде өтіп жатқан «Науырзнама» мерекесі той тойлау ғана емес, ізгі салт-дәстүрлерді жаңғырту, рухани жаңару мен алға басудың бүкіл халықтық ортақ мақсаты екені даусыз.
Табалдырығымыздан аттаған Әз Наурыз құтты болсын! Молшылығы мен бақ-берекесін ала келсін!
KazNARU Баспасөз қызметі