Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы
Білім және ғылым саласында тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылғы 11 мамыр мен 20 мамыр аралығында Ферғана политехникалық институтының шақыруымен ҚазҰАЗУ «Тамақ өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» және «Зооинженерия» кафедраларының профессорлары Мамаева Лаура Асильбекқызы, Сакиева Зәуре Жандарбекқызы, Буралхиев Батырхан Әзімханұлы жұмыс сапарымен болды.
Олардың сапары барысында «Биотехнологияның заманауи әдістері», «Азық-түлік өнімдерінің заманауи технологиялары», «Нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерінің инновациялық технологиялары», "Биотехнология: заманауи жетістіктер, перспективалар, проблемалар» бағыттары бойынша студенттерге бірқатар дәрістер оқылды. Р. М. Назированың докторлық диссертациясын қорғауға профессорлардың қатысуы орын алды.
Қазіргі білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілетті білім берудің мүмкіндіктері мен перспективалары туралы мәселелер талқыланды. Сондай – ақ, аталған институттың оқу-материалдық-техникалық базасымен танысты.
Институт басшылығымен кездесу барысында өзара халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы айтылды.