KazNARU

ҚазҰАЗУ ЖАНЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ 184 ТҮЛЕГІ ЛЕЙТЕНАНТ АТАНДЫ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары, в.ғ.д., профессор Пірімқұл Ибрагимов Әскери кафедраның екі жылдық курсын бітірушілердің салтанатты Ант тапсыру рәсіміне қатысп, «запастағы лейтенант» атанған студент жастарды құттықтады.

✅ «Біздің Әскери кафедрада Отан қорғайтын болашақ офицерлердің моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында жүйелі түрде тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстары қоса жүргізіледі. Биыл 184 студент осы әскери даярлықтың толық курсын абыройлы аяқтап, «запастағы лейтенант» атағын иеленді. Баршаңызды және осы жиынға қатысып отырған ата-аналарды студенттеріміздің салтанатты Ант қабылдау рәсімімен құттықтаймын және алдағы уақытта да биік мақсаттарға жете берулеріне тілектестік білдіремін!», - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ ҚазҰАЗУ базасында запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери қызметке даярлау – еліміздің Қарулы Күштерінің әскери резервін қалыптастыру, офицерлер құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында университетте оқытылатын мамандықтар негізінде жүзеге асырылады.

✅ Айта кетейік, биылғы оқу жылында ҚазҰАЗУ базасында 133 студент бір жылдық оқуын сәтті бітіріп «запастағы сержант», ал екі жылдық бағдарламамен оқыған 184 студент «запастағы лейтенант» атанып отыр.

Әскери кафедрада оқытуды арнайы құрылған іріктеу комиссиясы конкурс негізінде, қабылдау жоспарына сәйкес жүргізеді. Әскери дайындық курсында даярлау жүйесі оқыту бағдарламасы бойынша, мемлекеттік білім тапсырысы және ақылы негіздерде жүзеге асырылады.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник