KazNARU

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕСРИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АЛҒАШҚЫ ОҚУ КҮНДЕРІН СӘТТІ БАСТАДЫ

Білім алушылар жаңарған, жаңғыртылған өз жатақханаларына орналасып, кең де жарық аудиториялардың табалдырығын қуанышты көңіл-күймен аттады.

Жастар ісі жөніндегі департаменттің бастамасымен жаңа оқу жылының басталуына орай, студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысуы үшін көркем өнерпаздардың күшімен концерт ұйымдастырылды.

✅ Сабақтан бос күні студенттер Алматы қаласының күні аясында сенбілікке шығып, өздерінің тұрған аулаларын күзгі жапырақтардан тазартып, гүлзар бақтарды ретке келтірді.

✅ Бірінші курс студенттері Алматы қаласының тарихи-мәден орындарымен танысып, «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық саябағында өткен «Ұлы дала – көшпенділер әлемі» этнофестивалінде болып, ұлттық жауынгерлік ойындарды, ат спорты мен айтыс өнерін тамашалады.

✅ Сондай-ақ, бірінші курстықтар декандардың ұйымдастыруымен алғаш рет М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына барып, спектакль көріп қайтты.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник