KazNARU

ҚазҰАЗУ «GREEN ECO» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ және ЛУКОМОРЬЕ ТҰҚЫМБАҚ ОРТАЛЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТТЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры, а.ш.ғ.д, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы «Green Eco» жылыжай кешені мен Лукоморье тұқымбақ орталығының жұмысымен танысып қайтты.

✅ «Green Eco» жылыжай кешенінің директоры Шнайдерман Роман Борисович басқаратын шаруашылық Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылында орналасқан. Ол басқа жылыжайлардан заманауи деңгейде жабдықталуымен, жұмыс процестерінің компьютерлендірілуімен және автоматтандырылуымен ерекшеленеді. Мұнда жыл бойына жаңа технологиялар арқылы салаттық көк шөптер мен дәмдеуіштер өсіріледі.

Жылыжайдың жұмыс алаңының көлемі 1,3 гектарды құрайды. Жобалық қуаттылығы айына 60 тоннаға дейін немесе жылына 3 млн. байлам салаттық шөптер өсіру болып табылады. Қолданып жатқан технология Дания салатын өсірудің гидропоникалық жүйесіне негізделген және біздің жағдайымызға бейімделген. Өнімдер Алматы, Астана, сондай-ақ облыс орталықтарындағы ірі желілерге жіберіледі. Жылыжайда голландтық, израильдік және финндік технологиялар аралас қолданылады. Барлығы гидропоника арқылы өсіріледі. Және күндізгі жарық пен жылыжай жарығы қолданылады.

✅ «Лукоморье» тұқымбақ орталығының бас директоры Самигуллина Зарина Равильқызының айтуынша, мұнда үйеңкі, жөке, сирень, каштан және акацияның ондаған түрі өсіріледі. Ландшафт дизайнында ерекше орынды қылқанды ағаштар иеленеді, олардың кейбір түрлері біздің елді мекендерде салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Сонымен қатар, питомниктің ассортиментінде шырша, қарағай, арша, туя және самырсынның әртүрлі сорттары бар.

✅ Кездесу нәтижесінде ҚазҰАЗУ мен аталған кәсіпкерлік субъектілері арасында жеміс-жидек және көкөніс өсіру, сондай-ақ ландшафты дизайн және көгалдандыру пәндері бойынша университет студенттерінің оқу тәжірибесін өту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы мәселелер талқыланды.

✅ Жылыжай кешені мен тұқымбақ орталығының басшылары университетпен тығыз өзара әрекеттестік негізінде білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін дуальды оқыту жүйесін пайдалана отырып, сабақ жүргізуге дайын екендіктерін жеткізді.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник