KazNARU

ҚазҰАЗУ жанынан Қазақстан-Германия экожүйелер мен биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі институты құрылды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев NETwork for System Competence and Innovation компаниясының Бас директоры Матиас Крамермен кездесті.

Доктор Матиас Крамер Дрезден техникалық университетінің профессоры, әрі ГФР Қоршаған ортаны қорғау федералдық қоры қаржыландыратын «Қазақстан мен Қырғызстандағы алма ағашының ежелгі сорттарын сақтауға арналған «ALMA» орнықты өңірлік басқару және құндылықтарды жасау» тақырыбы бойынша халықаралық жобаны үйлестіреді.

✅ «Осы жоба аясында ҚазҰАЗУ ғалымдары елдің таулы аймақтарында эндемикалық алма ағаштары мен Сиверс сорттарының биоәртүрлілігін сақтау бойынша ғылыми жұмыстарды жүйелі жүргізуде. Ғалымдар жеміс дақылдарының көне сорттарының ерекше түрін сақтау мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеп, оны табиғи қалпына келтіру бойынша шаралар кешенін қабылады. Бұл бастама ғалымдар арасында қолдау тапты және біздің алмалар табиғатқа бейімделгіштігі, дәмі мен қасиеттері бойынша шетелдік сорттардан асып түседі. Біз бұл жұмыстарды Сіздің қатысуыңызбен одан әрі дамытуға ниеттіміз», - деді университет басшысы Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Өз кезегінде, доктор Матиас Крамер «Қазақстан мен Қырғызстандағы алма ағашының ежелгі сорттарын сақтауға арналған «ALMA» орнықты өңірлік басқару және құндылықтарды жасау» жобасының 2-кезеңін іске асыру үшін бірлескен өтінім беруді ұсынды. Оның айтуынша, екі елдің аумағында ғана сақталған ғажайып Сиверс алма ағаштары ұлттық қазына болып табылады және биоалуантүрлілік саласындағы үш мемлекеттің бірлескен жұмысы болашақта бүкіл АӨК үшін үлкен табыс әкелетіні анық.

«Біздің NETSCI GmbH компаниясы өз қызметінде экологиялық технологияларды ұйымдастыру мен енгізу және университеттер, ғылыми мекемелер мен өнеркәсіп арасында білім беру, әсіресе ғылыми-зерттеу әрі тәжірибелік-конструкторлық кеңес беру, шағын және орта компаниялар үшін инновациялық байланыстарды дамыту мәселелерін қарастырады. Сондықтан біз Қазақстанның ең ірі аграрлық зерттеу университетімен байланысымызды одан ары күшейтетін боламыз», - деді Матиас Крамер.

✅ Кездесу аясында тараптар ҚазҰАЗУ жанындағы "KaGEB" экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау жөніндегі Қазақстан-Германия институтының қызметін одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

✅ Сондай-ақ, қадірлі қонақ университет басшылығын 2024 жылдың маусым айында Берлин қаласында өтетін халықаралық көрмеге қатысуға шақырды, онда негізгі тақырып қоршаған орта мен биоәртүрлілікті қорғау мәселесіне арналады.

ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник