KazNARU

ҚазҰАЗУ «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының белсенділері марапатталды

2023 жылдың 22 қыркүйегінде Алматы қаласы жастар сасяаты басқармасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында «Жасыл Ел» маусымдық жастар еңбек жасағының жабылу салтанаты болып өтті.

✅ Біздің университетте «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы 2005 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келеді. Бұл жобаға біздің студенттер жыл сайын қатысады. Биылғы 1 маусым мен 31 шілде аралығында білім алушылар «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы қатарында университет аумағын көгалдандыру, абаттандыру, жатақханалар мен оқу корпустарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Сонымен бірге, «Жасыл Ел» мүшелері республикалық, облыстық және жалпы қалалық мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысып, өздерінің экологиялық жобаларын жүйелі іске асырып келеді.

✅ ҚазҰАЗУ «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының белсенді мүшелері:

«Ветеринария» факультетінің 5 курс студенті Салтанат Әбдіманап,

«Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 4 курс студенті Назерке Күзен,

«Инженерлік-техникалық» факультетінің 2 курс студенті Әли Қанжігіт,

«Жасыл Ел» еңбек жасағының жұмысын ұйымдастырушы, университеттің Жастар ісі жөніндегі комитет жетекшісі Әшіралі Сманов Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Қ.Меңдіғалиевтің Алғыс хаттарымен марапатталды.

✅ Марапаттарыңыз құтты болсын, «Жасыл Ел» жастары!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник