25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласында Narxoz университетінде "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізді.
✅25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Алматы қаласында Narxoz университетінде "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізді. Тыңдалымға ғылыми қоғамның 1000-нан астам беделді ғалымдары онлайн және офлайн режимде қатысты.
✅Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Ақылбек Қажыгұлұлы Күрішбаев өз сөзінде «Ең бірінші мәселе осы Заңды қалай сапалы орындаймыз, қандай мәселелер шешіледі, меніңше бұл заңда ең негізгі мәселенің бірі ол біздің еліміздің, ғылымының жалпы экономикасының негізгі басымдық бағыттарын дұрыс анықтау сияқты сұрақтар бойынша мемлекет басшысы бізге бағыт беріп отыр, енді осы Заң жобасына аграрлық сала ғалымдарынан негізігі үш ұсыныс түсіп отыр: бірінші – бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жүмыстарының мерзімін 3 жылдан 5 жылға ұзарту; екінші – ешқандай конкурссыз, яғни мемлекеттік тапсырыс бойынша тікелей қаржыландыру арқылы ғалымдарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; үшінші – зерттеу жұмыстарын уақтылы қаржыландыру» сияқты біраз мәселелерді атап өтті.
✅Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірледі. Құжатты ашық талқылау 16 қаңтарға дейін жалғасады. Академия ұйымдастырған жиналыс 2 сағаттан астам уақытқа созылды және өте қарқынды өтті. Сөз сөйлеген ғалымдар заңнамадан тыс маңызды және негізгі ұсыныстарды айтты. Бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру, ғалымдардың әлеуметтік жағдайы, өңірлерде ғылыми орталықтар ашу сияқты бастамалар айтылды. Кеңеске жауап берген барлық азаматтардың ұсыныстары жинақталып, оларды өндіріске енгізу үшін министрлікке жіберілетін болады.