KazNARU

Болгариядан келген профессормен «Автоматика және технологиялық процесстерді автоматтандыру» айы

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Болгариядан келген ғалым– профессор Пенчев Станислав Мирославович өз сабақтарын өткізді. Инженерлік-техникалық факультеттің "Энергия үнемдеу және автоматика" кафедрасындағы қызметі аясында профессор Пенчев технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелері саласындағы инновациялармен және озық білімдерімен бөлісті.

Профессор Пенчев 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында өткізген арнайы әзірленген дәріс курсы "6В07109-Электротехникалық инжиниринг" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. Бұл курстың мақсаты – болашақ инженерлерді технологиялық процестерді автоматтандыру саласында инновациялық білім және дағдылармен қамтамасыз ету. Профессор Станислав Пенчев өткізген дәрістер, зертханалық және практикалық сабақтар студенттерді шабыттандыруға және оларды инженерия мен автоматтандырудағы күрделі мәселелерді шешуге дайындауға бағытталған.

Алайда оның жұмысы тек студенттермен ғана шектелмеді. Профессор Станислав Пенчев кафедраның магистранттары және докторанттарымен де белсенді араласып, олардың тақырыпты тереңдетіп оқуына мүмкіндік беріп, ғылыми мақалалар жазу бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Оның тәжірибесі мен көшбасшылығы университетіміздегі болашақ зерттеушілердің ғылыми өсуі үшін құнды дереккөз болып табылады.

Сонымен қатар, профессор Станислав ғылыми жобаларды әзірлеуге белсенді қатысады, кафедраның жас ғалымдарымен бірге гранттық жобаға өтінім дайындалды, ағымдағы жылдың қазан айында берілетін болады. Профессор автоматтандыру саласындағы 30-дан астам рецензияланған ғылыми еңбектердің авторы болып табылады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник