ҚазҰАЗУ мен НЕБРАСКА-ЛИНКОЛЬН УНИВЕРСИТЕТІ (АҚШ) АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев Небраска-Линкольн (АҚШ) университетінің өкілдері профессорлар Эндрю Зимброф және Бреннан Костелломен кездесті, онда екі университет арасындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
✅ Небраска-Линкольн университеті агротехнология, автоматтандыру, роботтандыру және ауыл шаруашылығын цифрландыру, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау үшін жасанды интеллектті пайдалану саласындағы жобаларды, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді әзірлеу мен іске асыруда көшбасшы болып табылады. Америкалық делегацияның сапары АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен Американдық халықаралық білім беру кеңесі (UniCEN) қаржыландыратын «Қазақстандағы агробизнес бойынша оқу бағдарламасын жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Бұл жоба Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы ынтымақтастық пен кооперацияны дамытуға бағытталған.
✅ Профессорлар Эндрю Зимброф пен Бреннан Костелло – өз саласының жетекші мамандары, белгілі жаттықтырушылар және шағын және орта бизнесті дамыту, агрокәсіпкерлік және халықаралық стартап жобаларды қолданысқа енгізу бойынша білікті сарапшылар болып табылады.
✅ Өз кезегінде университет басшысы Ақылбек Күрішбаев американдық қонақтарды агрономия мен ветеринарияны қоса алғанда, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әлемдік ғылымның жаңа жетістіктерін пайдалана отырып, бірлескен оқу-білім беру, инвестициялық жобаларды іске асыруға және ауыл шаруашылығында ғылыми зерттеулерді бірлесе жүргізуге шақырды.
✅ Кездесу барысында тараптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым саласындағы ақпараттық және консультациялық сүйемелдеу бойынша жемісті, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы ортақ келісімге келді.
Сондай-ақ текі жақ топыраққа, суға, дақылдарға және жаһандық, әрі маңызды климаттық өзгерістерге қатысты деректерді картаға түсіру және талдау үшін ауыл шаруашылығында Географиялық ақпараттық жүйені (ГАЖ) пайдалануды кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
✅ Кездесу соңында қонақтар жоғары білім беруді интернационалдандырудың, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, ҚазҰАЗУ басшылығына сындарлы және пайдалы кездесу үшін алғыстарын білдірді.
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі