ҚазҰАЗУ ПРОФЕССОР ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ДЕҢГЕЙЛЕРІН АРТТЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ СЕРТИФИКАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Сертификаттарды Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректордың орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қайырбаева Айнұр Елтайқызы табыстады.
Профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін шыңдау – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын меңгерген кәсіби білімдерін, тәжірибелік біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
Осы мақсатта университетімізде 2023 жылдың 16-31 қазан аралығында «Педагогика және оқыту әдістемесі» бағдарламасы бойынша 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы жүргізілді.
Курсты жүргізу үшін аса тәжірибелі маман, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының цифрлі педагогі, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Абсатова Марфуга Абсатқызы арнайы шақырылды.
Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасында ҚазҰАЗУ профессор-оқытушылар құрамы: - жоғары мектеп оқытушысы ретінде негізгі кәсіби-педагогикалық мәдениетті меңгеру қабілетін; - жоғары білім берудің жалпы мәселелерімен және жоғары мектеп педагогикасының теориялық және әдіснамалық негіздерін пайдалану дағдыларын; - қазіргі заманғы талдау,оқыту мен тәрбиелеуді жоспарлау, ұйымдастыру технологияларын пайдалану құзыреттілігін; - ЖОО білім беру үдерісінде оқытушы мен студенттің өзара әрекетінің субъект-субъектілі қарым-қатынас технологиясын меңгеруді үйренді.
Курсты сәтті аяқтаған барлық профессор-оқытушылар құрамын құттықтай отырып, алдағы уақытта біліктілікті арттыру курсында алған жаңа білім беру әдістерін оқу процесінде тиімді қолдануларына тілектеспіз!
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі