KazNARU

ҚазҰАЗУ-ға Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Dr. T.V.Nagendra Prasad келді 

2023 жылғы 04 қарашада ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы - Ректор, ҚР ҰҒА Вице-президенті Ақылбек Күрішбаев Үндістанның Қазақстандағы Елшісі, доктор Т.В. Нагендра Прасадпен кездесті.

Доктор Т.В.Нагендра Прасад кезінде Андхра-Прадеш ауылшаруашылық университетін және Нью-Делидегі Үндістанның ауылшаруашылық зерттеулер институтын бітірген. Үнді елінде аса маңызды деп саналатын трансформациялық электрондық басқару «Passport Seva» жобасына жетекшілік еткен.

✅  Екіжақты кездесу барысында тараптар ҚазҰАЗУ мен Үндістанның ғылыми-білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Университет басшысы Ақылбек Қажығұлов Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білікті мамандардың әлеуетін арттыруға және елдің аграрлық секторын дамытуға үлес қосатын Қазақстандағы жетекші ЖОО болып табылатынын атап өтіп, халықаралық көлемдегі қызметтер ауқымының да өсіп келе жатқанына тоқталды.

✅ «Соның ішінде біз Андхра-Прадеш Ауыл шаруашылығы университеті, Нью-Делидегі Үндістан ауыл шаруашылығы зерттеулер институты сияқты беделді жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуға мүдделіміз, олар ҚазҰАЗУ-дың озық үнді технологияларына бағдарлануын күшейтуге, үнділік әріптестерімен ынтымақтастықты жандандыруға және студентер алмасуға, технологиялар мен инновациялардың ең перспективалы коммерциялық нарығына шығуға ықпалы зор болады деп ойлаймыз, - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

✅  Өз кезегінде доктор Т.В. Нагендра Прасад ректордың ұсынысын қолдап, заманауи оқу бағдарламаларының енгізілуі өте маңызды екенін айта келіп, соның нәтижесінде студенттер алмасу ғана емес, мемлекеттер арасындағы инновациялық техникалық және ғылыми байланыстардың да нығайтынына баса назар аударды.  

✅ Тараптар сонымен бірге, кезедесу барысында - білім беру жобалары бойынша тәжірибелік жұмыстар мен ақпарат алмасу; - бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту; бірлескен ғылыми конференциялар және т. б. жобаларды іске асыру туралы пікір алмасты.

Кездесу соңында Үндістан Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, ҚазҰАЗУ мен Үндістанның жоғары оқу орындары арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бар күш-жігерін салуға дайын екендігін білдірді. 

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник