KazNARU

ҚазҰАЗУ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Биылғы жылы еліміз бойынша «Кемел Тоқаев – 100 жыл» аясында өтіп жатқан VІ республикалық детектив шығармашылық байқауы өз мәресіне жетті.

Байқауды ұйымдастырушылар: Республикалық «Заң Медиа» корпорациясы мен Жетісу облысының Әкімдігі.

✅ 2023 жылғы 08 қарашада облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Салтанат Сарайында байқаудың жеңімпаздарына жүлделер тапсырылды. «Заң Медиа» корпорациясының Бас директоры Досымбек Өтеғалиев өзінің құттықтау сөзінде «Кемел Тоқаев – 100 жыл» аясында өткен VІ республикалық детектив шығармашылық байқауына 70-ке жуық шығарма келіп түскенін атап өтті.

Жүлдегерлер қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Баспасөз қызметінің жетекшісі Қайым-Мұнар Табеевтің де есімі аталып, арнайы Сертификат пен бағалы сыйлық (ноутбук) тапсырылды.

✅ Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстанның Құрметті журналисі», Қазақстан Жастар одағы және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлықтарының лауреаты Қайым-Мұнар Табеевтің «Тамшылар күнәны жумайды» атты әңгімесі қазылар алқасының оң бағасына ие болды.

✅ Осыған дейін де ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Мұнара» газеттері ұйымдастырған және Ш.Мұртаза атындағы республикалық шығармашылық байқаулардың жеңімпазы атанған әріптесімізді кезекті, мерейлі жүлдесімен құттықтаймыз!

Университетіміздің абыройын асқақтатып, шығармашылық табыстарға жете беріңіз!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник