Тәуелсіздік деп соғады жүрегім
14 желтоқсанда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасында Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған концерт өтті.
Сахнада жоғарғы курс студенттері мен қатар 1 курс студенттері де үлкен жетістікпен өнер көрсетті, Сонымен қатар студенттер түрлі өнерлерін көрсетіп, жүрек тебірентер қойылымдарымен көрермендердің қошеметіне бөленді. Бұл концерт біздің университет студенттерінің тату өмір сүретінін, берілген ортақ тапсырманы жұмыла көтеріп, бірге орындайтынын көрсетті. Концертті ұйымдастырушы 1-курс кураторларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
и
Концерт балаларға сахнада өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп, жастардың энергиясын жағымды істерге бағыттауға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі"
кафедрасының аға оқытушылары
Боранбаева Т., Алмағанбетова А., Жалелов Д.