Наурыз мейрамы - "Ұлыстың Ұлы күні
"Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы" факультетінде "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасының "Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) " білім беру бағдарламасының оқытушылары, осы ББ 1-оқу жылының PhD докторанттары, 1-курс магистранттары, 1-4 курс студенттері бірлесіп Наурыз мейрамына яғни көктемгі күн мен түннің теңелуі мерекесіне арналған - "Ұлыстың Ұлы күні" атты этнографиялық стильде іс-шара ұйымдастырды .
Іс-шара өте қызықты және жоғары деңгейде өтті. Барлық қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерімен келді, ерекше концерттік бағдарламаны тамашалады, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Іс-шара соңында ерекше көзге түскен студенттер "Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі" кафедрасының меңгерушісі Л.А. Мамаева атынан "Алғыс хатпен" марапатталды.