KazNARU

Технохимия

«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының            4 курс ТПРП-20-10к тобының ұйымдастыруымен және Исматуллаев Саттар Лесхановичтың жетекшілік етуімен «Нан пісіру, кондитерлік және макарон кәсіпорындарындағы технохимиялық бақылау және есепке алу» сабағын қорытындылау мақсатында ашық сабақ өткізілді.

                                           

Ашық сабақ еркін форматта, студенттердің ұйымдастыруымен өтті. Бұл сабақтың мақсаты студенттерді өз ойын айқын жеткізуге, топпен бірлесе отырып, білімге деген құштарлықтарын ояту мақсатына негізделді. Жалпы сабақ 3 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде берілген тапсырмаларды орындау арқылы студенттерді жаңа қырынан танытып, шығармашылық қабілеттерін ашты.

 

Ашық сабақ студенттердің сөйлеу мәдениетін дамытып, білімдерін шыңдауға көмектесті. Топтық жұмыстарды өткізу арқылы, студенттердің арасындағы бірлікті, ұйымшылдықты күшейте түсті.

Сабақ бойынша жинаған өз ұпайларын есептей отырып, арнайы мадақтамалармен марапатталды.

  • Бас жүлде  – «Фиксики» тобы
  • 1 орын - «Грэмми» тобы
  • 2 орын – «Дара» тобы
  • 3 орын – «Қолдау» тобы
---------Chatbot---------
виртуальный помощник