KazNARU

Ұлттық құндылықтар - ұлт мақтанышы

Сәуір айының 4ші жұлдызында “Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы” факультетінде магистранттар Малтай Ажар, Жанабай Аружан, Зинуллаева Жайна, Әбдімәулен Жібек педагогикалық практиканың аяқталуына байланысты “Ұлттық құндылықтар” тақырыбында ПБ 23-09К тобымен, топ кураторы Алмагамбетова А.Т жетекшілігімен  тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.

Тәрбие сағатында студенттер 3 топқа бөлініп, “Салт-дәстүр”, “Сандар қасиеті”, “Ұлы тұлғаны анықта”, “Ұлттық нақышта бұйым жасау”, “Бата айту” кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Тәрбие сағаты барысында “Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлер” тақырыбында видеоролик көрсетіліп, “Бақыт” әні шырқалып, “Сырға салу” дәстүрі бойынша көрініс көрсетілді.

Сайыстың нәтижесі бойынша әділқазылар Мамаева Л.А. , Исматуллаев С.Л. , Валиева Г.А. сөз алып, өз ризашылықтарын білдіріп, мақтау қағаздарын табыстады. Сайыс нәтижесі бойынша  “Шаңырақ тобы” 1ші орынды, “Кереге” тобы 2 орынды, “Уық” тобы 3ші орынды иеленді. Белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқандары үшін ұйымдастырушы магистранттар атынан топқа 15000 теңгелік  сертификат табысталды.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник