KazNARU

Өндірістік практика

Өндірістік практика «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлауда оқытудың ең тиімді нысаны болып табылады. Біздің университетте студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыруға және сапалы өткізуге ерекше көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Өндірістік практика барысында студенттер университет қабырғасында алған білімдерін жетілдіріп, шыңдастыратыны белгілі. Өндіріс жағдайында студенттер технология мен еңбектің озық әдістерін игере отырып, мамандық бойынша барлық қажетті практикалық дағдыларды игереді.

Ендеше, 6В08201 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері академиялық күнтізбеге сәйкес 2024 жылдың 11-ші наурызынан бастап, сәуір айының 12-ші жұлдызы аралығында Алматы облысы, Іле ауданы, Комсомол ауылында ораналасқан «Алатау Құс» АҚ жағдайында өндірістік практикадан өтті. Өндірістік практика барысында суденттер өндірістегі озық технологияларды және олардың болашақ кәсібіне қатысты барлық процестерді қуана игерді. Айта кету керек, «Алатау Құс» АҚ басшысы Құрмашева Ж.Н.  біздің университет басшылығына алғысын білдіре отырып, мамандарды даярлауда дуальды оқыту бойынша бірлескен ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник