KazNARU

ХVI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПӘНДІК ОЛИМПИАДАДА KazNARU ЖЕҢІМПАЗДАРЫ КӨШ БАСТАДЫ

Кеше Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Акт залында ХVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жабылу салтанаты болып өтті.

✅ Жеңімпаздарды KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың орынбасары, п.ғ.д., профессор Айтжан Абдыров марапаттап, дипломдар тапсырды.

✅ Олимпиада: агрономия, жеміс-көкөніс, орман шаруашылығы, ветеринариялық санитария, агроинженерия, балық шаурашылығы, су ресурстары және суды пайдалану, қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі, механика және металл өңдеу сияқты т.б. 16 білім беру бағдарламалары бойынша өткізілді. Инттелектуалды жарысқа 18 жоғары оқу орнынан 203 үміткер қатысты.

✅ Екі күндік аса жауапты сынақ «теориялық» және «практикалық» тур деп аталатын екі бөлімнен өткізілді. Өткізілу уақыты - 180 минут. Максималды балл – 100. Олимпиада ережесіне сәйкес, жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

✅ Жұлдыздары жанған 15 студент топ жарып, жүлделі 1-ші орыннан көрінді. Олардың қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 11 студенті жеңімпаздар көшін бастады.

✅ Атап айтқанда: Мүбәрәк Ақсәуле Рахметжанқызы В077-«Өсімдік шаруашылығы» 6В08101 Агрономия; Нұрдәулет Әзина В183 - "Агроинженерия" 6В08701-Аграрлық техника және технология; Марат Ғасыржан Ерболұлы В083 - "Ветеринария" 6В09101- Ветеринариялық медицина; Әділқызы Ардақ В079-Орман шаруашылығы 6В08302 - «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»; Кеңесов Кемал Тұржанұлы В046 - "Қаржы,экономика,банк және сақтандыру ісі" 6В04111-Бағалау т.б. жеңімпаздар;

✅ С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінен Айтмырза Нұрдаулет Серікұлы В078 Мал шаруашылығы 6В08201- «Мал шаруашылығы»;

✅ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінен Жеткерген Ақжүніс Дәуренқызы В080 –«Балық шаруашылығы» 6В08400 – Аквакультура және су биоресурстар ;

✅ Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен Давранов Аббос Илхамжанович В183 - "Агроинженерия" 6В08702 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету»;

✅ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен Құдайберген Бақтыбек Мейрбекұлы В064 – Механика және металл өңдеу 6В07120 – Машинажасау.

✅ Сондай-ақ, екінші және үшінші орын иеленгендер арасынан 29 үміткер II дәрежелі, 42 үміткер III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

✅ Шәкірттерін жауапты сынаққа жан-жақты дайындап, республиканың әр өңірінен үкілеп әкеліп қосқан 71 жетекші-оқытушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

✅ Әріптес ұстаздар олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін KazNARU басшылығына өздерінің ризашылықтарын білдірді.

✅ Салтанатты марапаттау рәсімі студенттер күшімен әзірленген концертпен жалғасып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

✅ Мерейі үстем болған жүлдегерлер мен барша қатысушыларды олимпиаданың сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті белестеріңіз көп болсын!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник