Республикалық олимпиада жеңімпаздары!
2024 жылғы мамардың 23-24 жұлдызында Алматы Технологиялық Университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында В068 – "Тамақ өнімдерін өндіру", В076 – "Стандарттау, сертификаттау және метрология" білім беру бағдарламаларының топтары бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінен Республикалық пәндік олимпиадаға төмендегі тізім бойынша университеттің намысын қорғаған:
6В07208 - "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы", 6В07207 - "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері, Орынбасар Абдина, Белтай Алтынай, Шотан Саят жетекшілік еткен оқытушы Сейсеналы Мақпал;
6В07501 "Стандарттау және сертификаттау" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Әбдуәлі Нұрбол, Камалбек Камила, Орман Аружан, жетекшілік еткен оқытушы Искакова Жанат Абдуллақызының.
Қазақстанның 20 жоғары оқу орнынан 21 команда мен 63 студент II кезеңде өз білімдері мен дағдыларын көрсетті. Біздің университеттің В068 – "Тағам өнімдерін өндіру", В076 – "Стандарттау, сертификаттау және метрология" білім беру бағдарламалары тобы бойынша командалары жалпы командалық есепте жүлделі III орынға ие болды. Студенттерімізді дайындаған білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушылық құрамына алғысымызды білдіреміз! Біздің жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!
XVI Республикалық пәндік олимпиадасын жоғарғы деңгейді ұйымдастырған Алматы Технологиялық университет ұжымына алғысымызды білдіреміз.