KazNARU

KazNARU «ЗООИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ТАҒАМ ӨНДІРІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ЕКІ ДИПЛОМ АЛУДА

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетін бітірген 186 түлекке салтанатты түрде дипломдар табысталды. Оның ішінде 31 жас маманға қызыл дипломдар берілді.

                           

KazNARU-ды бітірушілер қатарында екі дипломдық білім беру бағдарламасы бойынша «Биотехнология» мамандығын аяқтаған Малайзия мемлекетінің Паханг университетінің студенті Лим Йео Хон да бар.

                       

Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында Паханг университетінде оқыған «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің студенттері Жания Серікова мен Данил Акшимбаев та екі диплом алу бақытына ие болды.

                                         

Бітіруші түлектер университеттің басшысы Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлына және барша ұстаздарға сапалы білім беріп, шет елдік ЖОО-ларда оқытуға мүмкіндік жасағандары үшін алғыстарын білдірді және талапкерлерді KazNARU-да оқуға шақырды

---------Chatbot---------
виртуальный помощник