26.09.2024 күні "Бизнес және құқық” ЖМ «Атом электр станциясы заман талабы» атты дебат өткізілді.
“Бизнес және құқық” жоғары мектебі «Атом электр станциясы заман талабы» атты дебат өткізілді. Іс-шара мақсаты: АЭС жайлы білім алушылардың пікірін біле отырып, түсіндірме жұмысын жүргізу және жас ұрпақтың тіл байлығын дамыту. 1-2 курс білім алушылары Атом электр станциясы жайлы пікір алмасып, өз ойларын білдірді. Іс-шара Инженерлік технологиялар факультетінің деканы Әлдібаева Ләззат Тұрғынбайқызы бастаған, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Хазимов Марат Жәлелұлы және PhD, қауымдастырылған профессоры Әлібек Несіпбек қостаған топтың түсіндірме жұмысымен аяқталды.