KazNARU

ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ-ның БІРІНШІ АПТАСЫНДА 31 МЫҢДАЙ ТАЛАПКЕР ТЕСТ ТАПСЫРДЫ

✅ 20.01.25-26.01.25 ж. аралығында ЮСТАДИда өтіп жатқан қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу қабылдауына біздің KazNARU-дың жергілікті комиссия мүшелері де белсене қатысуда.

ҰБТ-ның бірінші аптасында 31 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 60%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 58 балды құрады. Ең жоғары балл – 136, оны Түркістан облысының оқушысы жинады.

✅ Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Лаура Мамаева осы Түркістан облысында кәсіби бағдар жұмысын жүргізуде.

Атап айтқанда, ол Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы Кыдыралиев Досжан Қуандықұлымен және бірқатар білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесіп, өзара ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойды.

✅ 50 жылдан аса тарихы бар «Түлкібас агро бизнес жəне саяхат» колледжінің басшысы Адилбеков Сержан Жақсылықұлы білім ордасында қазіргі таңда 800-ден аса студент білім алатынын айтты. Ауыл шаруашашылығы, тамақтандыру, өнім өндіру, экология және табиғатты қорғау, ветеринария сынды 8 мамандық бойынша білім беретін оқу ордасында кәсіби бағдар беру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

✅ Бердиева Гүлнар Ниязалықызы басқаратын М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназияда 645 білім алушы бар. Оның ішінде 103 оқушы биыл бітіреді. Абай атындағы мектеп-лицейдің директоры Сағындыков Нұрғали Амангелдіұлының айтуы бойынша 3 сыныптағы бітірушілер саны 70. Ал, А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейдің директоры Шаймерденов Марат Мүсілімұлы бітірушілер саны 60 бала екенін жеткізді.

✅ Сонымен қатар, KazNARU «Клиникалық пәндер» кафедрасының оқытушылары, профессор Е.С. Үсенбеков пен аға оқытушы А.А.Тұрғұмбеков Атырау облысы Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы мектеп бітіруші түлектер үшін кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп қайтты. Олар агросаладағы жетекші оқу ордамыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері туралы ақпараттар беріп, мектеп түлектерін университетімізде жоғары білім алуға шақырды.

✅ Талапкерлер үшін кәсіби бағдар беру жұмысы жалғасуда.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник